«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсы жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай бағытталған іс-шараларды өткізу мақсатында «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсы өтеді.
Конкурстың мақсаты – мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау, қазақтілді контентті арттыру және мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту.
Конкурсқа мемлекеттік тілді дамыту, насихаттау, оның қолданыс аясын арттыру бойынша БАҚ-та материалдар жариялаған журналистер қатыса алады.
Конкурс ережелерімен мына жерден танысуға болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы