«Мемлекеттік тіл және БАҚ». Журналистер арасында конкурс жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті журналистер арасында «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсын жариялайды.
Конкурсты өткізудің мақсаты:
- мемлекеттік тіл мәселесіне қоғамның назарын аударту;
- мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау;
- тіл мәселелерін жариялап жүрген журналистердің мақалалары, бағдарламалары арқылы отандастарымыздың санасын жаңғырту;
- қазақтілді контентті арттыру және мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту.
Конкурс төрт номинациядан тұрады:
1) «Үздік мақала»;
2) «Үздік телебағдарлама»;
3) «Үздік радиобағдарлама»;
4) «Үздік сайт мақаласы».
Конкурс жайлы толығырақ мына жерден танысуға болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Астанада қар тазалауға 900-ден астам техника шықты
Өзгелердің жаңалығы