Мемлекеттік тексерістен балабақшалардың 78%-ы өтпеді – БҒМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова мемлекеттік тексерістен өтпеген балабақшалар туралы айтты.
Мемлекеттік аттестаттау білім беру ұйымдарының мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандартын орындауын сырттай бақылау және бағалау құралы. Мектепке дейінгі ұйымдарда 2011 жылдан бастап лицензиялау жүргізілмейді. Ал 2012 жылдан бастап мемлекеттік аттестаттау процедурасы жүргізіледі, - деді ол.
Көбенова айтқандай, мемлекеттік аттестаттаудың жаңа форматының ерекшелігі – білім беру ұйымына бармай, 5 жылда бір рет өзін-өзі бағалау негізінде өткізу.
Мемлекеттік аттестаттау ата-аналар арасында сауалнама жүргізу, материалдық-техникалық база, кадр құрамы мен басқа да талаптарға сәйкестігін бағалау. Бүгінгі күні 81 балабақшаның 77-сінде аттестаттау жүргізілді. Бұл балабақшалардың 78%-ы аттестацияда өтпеді. Аттестатталмаған балабақшаның ең көп саны Алматы, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында. Бағдарламаларды игеру кезінде жас ерекшеліктерін, оқу сабақтарының ұзақтығын сақтамау, топтардың ең төменгі материалдық-техникалық базасы мен оқу-әдістемелік жабдықталуының сәйкессіздігі анықталды, - деп атап өтті Гүлзат Көбенова.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы