Мемлекеттік тапсырмалар 2025 жылға қарай екі есе қысқарады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 2021 жылғы қызметінің қорытындылары бойынша алқа отырысында агенттіктің төрағасы Серік Жұманғарин мемлекеттік тапсырмалар саны 2025 жылға қарай екі есе қырқаратынын айтты.
Мемлекет иелігінен алу үдерістерін жеделдету үшін біз жекешелендіру кезінде «секторалдық тәсілді» ұсындық. ОКЭД-ке байланыстырудың орнына экономикалық қызметтің нақты салалары қаралады, - деді Жұманғарин алқа отырысында.
Ол 2021 жылы жүргізілген секторалдық талдау нәтижелерін қорытындылады:
- мемлекет иелігінен алу үшін басым секторлар анықталды;
- жекешелендіру үшін объектілерді жедел іріктеу әдіснамасы әзірленді;
- шоғырлану деңгейіне байланысты жекешелендірудің әртүрлі нұсқалары ұсынылады;
- жекешелендіру үшін секторлары бойынша Үкіметке ұсыныстар берілді.
Сондай-ақ маңызды жоба – мемлекеттік тапсырмалар санын қысқарту. Жалпы, біз оларды (мемлекеттік тапсырманы – ред.) 2025 жылға қарай шамамен 2 есеге қысқартуды жоспарлап отырмыз. Экономикалық тиімділік 30 миллиард теңгеден асады, - деп айтты агенттік төрағасы.
Айта кетейік, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 2021 жылғы қызметінің қорытындылары бойынша алқа отырысын өткізді.