Мемлекеттік стратегиялау жоспарының жаңа жүйесі таныстырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясын жүзеге асыру мемлекеттік стратегиялық жоспарлаудың жаңа жүйесінің негізі ретінде алынды.
Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов айтты.
Оның айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйектегі халыққа Жолдауында мемлекеттік жоспарлау жүйесін қайта қарау туралы тапсырма берді. Жаңа жүйе пандемия және экономиканың жаңа талаптары жағдайында мемлекеттік органдардың жобаларды жүзеге асыруға жауапкершілігін арттыруды ынталандыруды көздейді.
Мемлекеттік стратегиялық жоспарлаудың негізі ретінде Бірінші Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясын жүзеге асыру алынды. Өздеріңіз білетіндей, аталған стратегияда 2050 жылға қарай Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына енгізуді көздейтін экономикалық бағдарламалар белгіленген. Осы стратегияны дамытуда үшін орташа мерзімді стратегиялар қабылданады. Солардың бірі - ұлттық даму жоспары. Онда Президент тапсырмасына орай, жалпыұлттық дамуға басымдық берілді, - деді ол.
Оның айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы ұлттық даму жоспарына елдің алдағы бес жылда экономикалық, әлеуметтік дамуының нақты шаралары мен жауапты тұлғаларын бекітуді тапсырған.
Ұлттық даму жоспары аясында ұлттық жобалар қабылданатын болады. Ол бұрыңғыдай ауқымды емес, белгілі бір мәселеге бағытталған шағын жоба болады және жауапты тұлғалары, бюджеті, нәтижесі белгіленеді. Осы өзгерістер аясында көптеген құжат қысқарды, жалпы жүйе нақты бағыты бар болып ықшамдалды. Жыл соңына дейін мемлекеттік органдар соған көшеді. Ұлттық жобаларға, жаңа бағдарламаларға көшу сияқты негізі жұмыстар 1 қыркүйекке дейін аяқталып, сол кезде Үкімет жылдық бюджетке жобалардың тізімін енгізетін болады, - деді Келімбетов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы