Мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстарды жергілікті атқарушы органдар іске асырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов спорттық секциялар және шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы қаржыландыру туралы ҚР ОКҚ-да өткен өткен брифингте айтты.
Ол атағандай, өнім беруші күнтізбелік жылға арналған жұмыс жоспарын жасайды және онымен әрбір баланың заңды өкілін таныстырады.Бала немесе оның заңды өкілі ақпараттық жүйеде тіркелген өнім берушілер арасында шығармашылық үйірмелерін қарастыру арқылы лайықты үйірмені өздері таңдайды. Ваучерде көрсетілген өнім беруші мен баланың заңды өкілі арасында ваучердің қолданылу мерзімі ішінде баланы шығармашылық үйірмеге қабылдауға шарт жасалады, - деді ол.
Үйірмелерге қатысуға байланысты барлық шығындар жергілікті бюджет қаражатынан төленеді және мемлекеттік тапсырыс операторының функциялары жергілікті атқарушы органдарға жүктеледі. Жалпы мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстарды іске асыру республикалық бюджеттен қосымша қаржыландыру талап етілмейтіндігін атап өту маңызды. Себебі жан басына нормативтік қаржыландыру жергілікті билік органдарының спорт пен мәдениетке арналған қолда бар бюджеттерін тиімді жұмсау және қайта бөлу арқылы жүзеге асады, - деді Нұрғисса Дәуешов.