Мемлекеттік шекараны кесіп өтпек болған 9 шетелдік ұсталды
Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге талпынған 9 шетелдік ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
11 тамызда ҰҚК Шекара қызметі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері белгіленген өткізу пункттерінен тыс жерден Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге талпынған 9 шетелдіктің әрекетінің жолын кесті.
Алдын ала мәлімет бойынша олар Еуроодақ елдеріне бағыт алған. 17 тамызда БҚО Бөрлі ауданының сотымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 514-бабы 2-бөліміне сәйкес ұсталғандар жауапкерлікке тартылды, - делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
2023 жылдың басынан БҚО аумағында Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібін бұзған 110 шетелдік ұсталған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Президент БРИКС саммитіне қатысады
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы