Мемлекеттік сатып алу саласында жемқорлық жасаған 163 адам сотталған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Әрбір бесінші жемқорлық қылмыс мемлекеттік сатып алу саласында жасалады. 2020 жылдан бастап осы кезеңге дейін 418 қылмыстық іс тергелді. Олар бойынша 163 адам сотталды. Талдау жұмысы көрсеткендей, бұл қылмыстардың 80 пайызы бюджет қаражатын жымқыруға қатысты болып отыр. Сондай-ақ атқарылған жұмыстар мен жалған сатып алудың жеңімпаздарын анықтау туралы құжатқа қол қою кезінде жасалады. 150-ге жуық қылмыс осы бағытта жасалған, - деді Сарқұлов.
Ол атағандай, Қызылорда облысында Жалаңтөс баһадүр ескерткішін салуға қаражатты кедергісіз аударғаны үшін 1 миллион теңге көлемінде пара алған Мәдениет басқармасының басшысы Әбуов сотталды.
Биыл Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары Балықбаев 3 жылға бас бостандығынан айырылды.Ол жолдар мен су өткізгіш құбырларды жөндеуге мемлекеттік сатып алу келісім-шарттарын жасағаны үшін кәсіпкерден 1,8 млн теңге көлемінде 10 пайыз қайтарымсыз сыйақы алған, - деді ол.