Мемлекеттік сатып алу рәсімдері бір айға қысқарады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік сатып алудың барлық процесі оңтайландырылды. 

Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл мәлімдеді.

Оның сөзінше, сатып алуды уақытылы өткізу мақсатында оның алдын ала жоспарын құру көзделіп отыр. Бұл биыл бюджеттік комиссия мақұлдаған өтінім негізінде, бюджеттің бекітілуін күтпей-ақ, сатып алулар жүргізуге және келесі жылға шарттар жасасуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ конкурс өткізу туралы алдын ала хабарландыруды жариялау мүмкіндігі қарастырылған. Бұл өтінімдерді қабылдау мерзімін 15 күннен 7 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Рәсімдерді оңайлату мақсатында биыл 1 шілдеден бастап негіздемелік келісімдерді пайдалана отырып, конкурс түрінде сатып алудың жаңа тәсілі енгізіледі. Бұл сатып алу рәсімдерін 30 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді, ал қазір орташа ұзақтығы 2 ай уақыт алады, - деп айтты вице-министр брифингте.

Сөзінше, бұл жаңа тәсіл кеңсе тауарларын, ЖЖМ, байланыс қызметтерін және т.б. сатып алу сияқты стандартты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша пайдаланылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы