Мемлекеттік сатып алу нарығын жеңілдету үшін электрондық дүкен енгіздік - вице-министр

Бұл туралы Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, ведомство мемлекеттік сатып алу жүйесін әрі қарай жетілдіру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуды да назарға алған. 

Мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіруде бәсекелестікті дамытуға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және сатып алу процестерін жеңілдетуге бағытталған бірқатар заңнамалық шара қабылданды. Атап айтқанда: 2022 жылғы 1 шілдеден бастап ҚМЖ және жобалау бойынша сатып алулар рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып, жаңа әдіс-конкурсты қолдана отырып жүзеге асырылады. Бұл әдіс конкурстық комиссия мүшелерінің қатысуын болдырмайды және сатып алу жеңімпазын қаржылық орнықтылық, электрондық депозитарий бойынша автоматты түрде анықтайды, - деп атап өтті вице-министр. 

Сонымен қатар ол сатып алуды онлайн режимінде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін электрондық дүкен енгізілді деп отыр.

Рәсімдерді оңайлату мақсатында негіздемелік келісімдерді пайдалана отырып, конкурс түрінде сатып алудың жаңа тәсілі енгізілді. Бұл әдіс сатып алу процедураларын 2 айдан 30 күнге дейін қысқартты. Биылдан бастап сапалы тауарларды сатып алу мақсатында өмірлік циклдің құнын пайдалана отырып, конкурстың жаңа тәсілі енгізілді, мұнда өнім берушіні таңдау сатып алу бағасы негізінде емес, тауардың бүкіл қызмет ету мерзімінің құны негізінде жүзеге асырылады. Бір көзден сатып алудың 7 негізі алынып тасталды және 8 негіз қайта қаралды, - деді Дәурен Кеңбейіл. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі
Өзгелердің жаңалығы