Мемлекеттік сатып алу: Конкурсты өткізу мерзімі қысқарды

Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңның басты жаңалықтарын таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, мемлекеттік сатып алу процестері толық оңтайландырылды. Енді конкурсты өткізу мерзімі 60 күннен 10 күнге дейін қысқарды, ал рейтингтік-балдық жүйе бойынша конкурстарды өткізу мерзімі бес күнге дейін азайтылды. Рейтингтік балдық жүйе жасанды интеллект элементтерін қолданып жеңімпазды анықтайды. Сонымен қатар, конкурстың қорытындысы бойынша шағымдарды қарау тәртібі де өзгерген.

Егер бұрын шағымдарды қарау бірнеше кезеңнен тұрса, қазір ол оңтайландырылды. Шағымдарды қарау тапсырыс берушіге жүктелген және оған 3 күн берілген. Егер әлеуетті өнім беруші қорытындымен келіспесе, ол сотқа шағымданады. Бірақ бұл жағдайда конкурстың өтуі тоқтатылмай, одан әрі жалғасады, – деді Дәурен Кеңбеил брифингте.

Сонымен қатар мемлекеттік сатып алудың сапасын арттыру мақсатында жаңа заңда EPC шарттары сияқты жаңашылдықтар енгізілген. Әлеуетті өнім берушілердің жауапкершілігін арттыру бойынша да шаралар қабылданды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстанда мемлекеттік сатып алу рәсімдері толығымен автоматтандырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы