Мемлекеттік сатып алу бойынша ӘМСҚ 1921 медициналық ұйыммен келісімшарт жасасты
2024 жылы мемлекеттік сатып алу бойынша ӘМСҚ 1921 медициналық ұйыммен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұралиев Айдар айтты.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында медициналық көмектің сапасын жақсарту үшін медициналық қызметтерді сатып алу ережелерін өзгертті.
2024 жылы мемлекеттік сатып алу бойынша ӘМСҚ 1921 медициналық ұйыммен келісімшарт жасасты, оның 64%-ы жекеменшік ұйымдарға тиесілі. Жалпы биылғы жылы медициналық қызмет көрсетушілер арасында 2,4 трлн теңге бөлінді. Оның ішінде өңірлердегі медициналық қызмет көрсетушілер үшін 2,6 трлн теңгені құрап отыр. Бұл клиника арасындағы бәсекелестікті қалыптастырады. Сатып алу науқанындағы өзгерістер медициналық көмек көрсетудің тиімділігін арттыруға бағытталған,-деп атап өтті ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді
Өзгелердің жаңалығы