Кеше 2026, 20:32 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Мемлекеттік сатып алу: Абай облысында 1,1 млрд теңге "жоғалды"

Абай облысында мемлекеттік сатып алулар кезінде 1,1 млрд теңгеге жуық бұзушылықтар анықталды.

Абай облысының соты аудандық еңбек және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін мемлекеттік аудит барысында анықталған бұзушылықтарды жоюға міндеттеді, деп хабарлайды BAQ.kz.

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот Абай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің азаматтық талабын қарады.

Аудит 2021 жылдан 2024 жылғы бірінші жартыжылдыққа дейінгі бюджет қаражатын пайдалану заңдылығы мәселелері бойынша жүргізілген.

Нәтижесінде қаржылық бұзушылықтар сомасы 1,1 млрд теңгеден асты.

Олардың ішінде мемлекеттік сатып алулар мен бюджет қаражатын жұмсау саласындағы заң бұзушылықтар бар.

«Мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша жұмыстардың орындалғаны, қызмет көрсетілгені немесе тауарлар жеткізілгені расталмаған қаржылардың негізсіз аударылғаны анықталды», — деп көрсетілген істің материалдарында.

Сонымен қатар жалақы мен командировкалық шығындарды артық төлеу, жанар-жағар май материалдарын негізсіз есептен шығару, бухгалтерлік есеп жүргізу ережелерін бұзу және алдын ала қарастырылған процедураларсыз сатып алулар фактілері тіркелді.

Берілген бұзушылықтарды жою және қаражатты қайтару туралы нұсқама толық көлемде орындалмаған.

Сот талапты қанағаттандырып, мемлекеттік мекемеге анықталған бұзушылықтарды жоюға міндеттеді.