Мемлекеттік рәміздер-ұлт мақтанышы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Геральдикалық зерттеулер орталығының бастамасымен және 29 сәуірде  Мәдениет және спорт министрілігінің «Геральдикалық зерттеулер орталығы» РММ мен  ҚР Қорғаныс министрлігінің Ұлттық Ұланымен бірлесіп, Рәміздердің 30 жылдығы, Ұлттық Ұланның 30-жылдығы қарсаңында Елтаңбасының авторы, профессор, сәулетші Жандарбек Мәлібековпен сарбаздармен  кездесу өткізді. 

Кездесуге ІІМ-нің орынбасары, Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Ботақанов Еркін Советбекұлы,  «Геральдикалық зерттеулер орталығы» РММ директоры Асылбек Байжұмаұлы, Назарбаев Университеті, қазақ тілі және түркітану департаментінің ассистент профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Ағабекова Жазира Ағабекқызы және Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібекұлы қатысты. 

Спикерлер сарбаздарға әлемдік геральдиканың ерекшеліктері мен тарихи таңбалардың ұлттық санаға байланысы, мемлекеттік рәміздерді қолдану барысы мен әлемдік  рәміздерге қатысты деректерден қызықты баяндамалар жасады. 

Шара соңында Еркін Советбекұлы алғысын білдіріп, Жандарбек Мәлібекұлына шапан жауып, «Ұлттық ұланға -30» жыл мерекелік медалімен орталық директоры А.Баяжуманы, профессор Ж.Ағабекқызын  марапаттады. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы