Мемлекеттік қызметтерді алу жеңілдеді: «AI Senim» ассистентінің мүмкіндіктері қандай?
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумында 1414 Бірыңғай байланыс орталығының жасанды интеллект негізіндегі шешімдерін таныстырды.
Солардың бірі - «AI Senim» дауыстық AI-ассистенті. Ол азаматтарға 100-ден астам мемлекеттік қызмет бойынша кеңес беріп, ай сайын орта есеппен 25–30 мың өтінішті өңдейді.
Сауалдардың шамамен 40%-ын AI-ассистент өзі өңдесе, қалғаны операторларға бағытталады. 1414-ке келіп түсетін әрбір 20-шы қоңырау оның қатысуымен өңделеді. «AI Senim» қолдану аясын кеңейту және барлық қоңырауларды алдымен AI қабылдайтын жүйеге көшу жоспарлануда.
Қазір динамикалық қызметтерді енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде. Болашақта азаматтар тек кеңес алып қана қоймай, ассистент арқылы қызметті бірден рәсімдей алады.
Форумда AI-ассистенттің жұмысын бақылауға арналған платформа таныстырылды. Ол нақты уақыт режимінде өтініштер санын, сөйлесу ұзақтығын және жүктемені бақылауға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, мамандар қоңыраулардың транскрипциясын, AI-ассистенттің өтінішті өңдеу барысын және диалогтардың тоналдылығын талдай алады.