Мемлекеттік қызметшілерге жаңа талаптар: Әдеп кодексі нені міндеттейді?
Мемлекет пен қоғам арасындағы ашықтық пен тұрақты өзара іс-қимыл жағдайында қызметтік этика мәселелері ерекше маңызға ие, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенім деңгейі, көрсетілетін қызметтердің сапасы және тұтастай алғанда мемлекеттік қызметтің имиджі мемлекеттік қызметшінің мінез-құлқына тікелей байланысты.
Қазақстан Республикасында қызметтік этика нормалары Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінде айқындалған.
Әдеп кодексінде мемлекеттік қызметші қызметтік міндеттерін атқару кезінде мыналарға міндетті екендігі белгіленген:
- заңдылықты, әділдік пен бейтараптық қағидаттарын сақтауға;
- азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне құрметпен қарауға;
- мемлекеттік қызметке деген сенімге нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеуге;
- азаматтармен қарым-қатынас кезінде сыпайы, әдепті және тактілі болуға.
Әдеп кодексі тек қызметтік уақытқа ғана емес қолданылады. Мемлекеттік қызметші өзінің қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлқы, оның ішінде әлеуметтік желілердегі белсенділігі де мемлекеттік қызметтің беделіне әсер ететінін есте сақтауға міндетті.
Кодексте мемлекеттік қызметшілер:
- қоғамдық айыптауға әкеп соғуы мүмкін әрекеттерден тартынуға;
- дәйексіз ақпараттың таралуына жол бермеуге;
- жалпыға ортақ мораль мен іскерлік этика нормаларын сақтауға тиіс екендігі көрсетілген.
Этика нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілік
Әдеп кодексі талаптарын бұзу тәртіптік жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін. Сонымен қатар, әдеп жөніндегі уәкіл институтының негізгі міндеті – бұзушылықтардың алдын алу, адал және құрметті мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру болып табылады, жазалау шаралары емес.
Қорытындылай келе, қызметтік этика – бұл формалдылық емес, мемлекеттік қызметтің сапасын арттырудың маңызды құралы екенін атап өткен жөн. Азаматтарға сыпайы қарым-қатынас жасау, іскерлік қатынас нормаларын сақтау және әрбір мемлекеттік қызметшінің жеке жауапкершілігі қоғамның мемлекетке деген сенімін нығайтуға және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруға ықпал етеді.