Мемлекеттік қызметшілерге арналған кәсіби өзін-өзі дамыту орталығы ашылды
Орталық Ақтөбе облысы әкімдігінің ғимаратында орналасқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Орталық Ақтөбе облысы әкімдігінің ғимаратында орналасқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оның салтанатты ашылу рәсіміне Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов, сондай-ақ мемлекеттік, банк мекемелері мен қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Жақыпов қатысты.
Бұл жобаның басты ерекшелігі – мемлекеттік бюджеттен бірде-бір ақша бөлінбеген, мұның бәрі кәсіподақ қаражаты есебінен жасалды. Мұндай кабинеттер миды тынықтыруға, аз болса да, түскі уақытта демалуға және әріптестерімен жақсы уақыт өткізуге пайдалы, - деді құттықтау сөзінде Мирболат Жақыпов.
Орталық «Қызмет» салалық кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиалының қолдауымен ҚР Кәсіподақтар федерациясы ұйымдастырған «Халық бюджеті-2022» байқауы аясында ашылды. Байқау қорытындысы бойынша Ақтөбе облысы әкімі аппаратының бастауыш кәсіподақ ұйымы «Кәсіби өзін-өзі дамыту орталығы» жобасының жеңімпазы атанған.
Бұл мемлекеттік қызметшілерге жұмыс уақытынан тыс уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Кабинетте әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып, зияткерлік ойындар, өзін-өзі жетілдіру бойынша тренингтерге қатысуға, психологпен кеңесіп, кітап оқып, танымдық фильмдер көруге мүмкіндік бар.