15 Сәуір 2024 2024, 13:50
Фото: - архив
Мемлекеттік қызметшілер өздеріне млн-даған сыйлықақы тағайындап алған
Ақмола облысының прокуратурасы сыйлықақыларды негізсіз төлеу фактілерін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақмола облысының прокуратурасы сыйлықақыларды негізсіз төлеу фактілерін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Степногорск қаласының прокуратурасы қадағалау қызметі барысында мемлекеттік органның қызметкерлеріне негізсіз сыйлықақы төлеу фактілерін анықтады.
Мемлекеттік мекеме 2 жыл ішінде заңнамада белгіленген шығыстардың түрлері бойынша үнемдеу болмаған кезде қызметкерлерге 13,4 млн теңге сомасына негізсіз сыйлықақы бергені анықталды, - делінген хабарламада.
Мысалы, тек 3 айдың ішінде мекеме 6,6 млн теңге сомасына 6 қызметкерге негізсіз сыйлық берді. Әр қызметкердің сыйлықақыларының мөлшері 1 млн теңгеден асты.
Аталған фактілер бойынша қала прокуратурасы мемлекеттік мекеменің атына қадағалау актісін енгізді.
Қазіргі уақытта мемлекеттік бюджетке ақша қаражатын қайтару бойынша жұмыс жүргізілуде.