Бүгiн 2026, 11:30 Фото: gov.kz

Мемлекеттік қызметші қазақ тілін білуге міндетті – Жазықбай 

Барлық мемлекеттік қызметші қазақ тілін білуге міндетті.

Мәжіліс депутаты Самат Мұсабаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбайға мемлекеттік қызметшілерге қазақ тілін міндетті түрде білу туралы сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутат сұрағында атап өткендей, заң жобасы Мәжіліс мәжілісінде толық презентацияланбаған, депутаттардың ұсыныстары толығымен қаралмаған. 

Біз бірінші оқылымға бұл заң жобасын талқыламай шығарып отырмыз. Сіз екінші оқылымға дейін нақтылау керектігін айттыңыз. Ал мен сіздің жеке пікіріңізді білгім келеді: мемлекеттік қызметшілердің қазақ тілін меңгеруін міндеттеу қашан нақты талап ретінде енгізіледі? – деді Самат Мұсабаев.

Дархан Жазықбай мемлекеттік қызметкшілер қазақ тілін білуге міндетті екенін атап өтті.

Мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Менің жеке пікірім: барлық мемлекеттік қызметші қазақ тілін білуге міндетті, - деп қысқа жауап берді ол.