Мемлекеттік қызметкерлер арасында шағын футболдан турнир өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті ҚР ҰҚК-нің 30 жылдығына орай шағын футболдан турнир өткізді. Турнирге 8 команда қатысты.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті аппаратының командасы III-орынды, Алматы облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің командасы II-орынды иеленді. Турнирдің жеңімпазы Алматы облысы полиция департаментінің командасы болды.

Жеңімпаздар сыйлықтармен, кубоктармен, грамоталармен марапатталды. Соңында Алматы облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің бастығы барлық қатысушыларды жеңісімен және ҚР ҰҚК-нің 30 жылдығымен құттықтап, денсаулық, сәттілік және еңбекте табыс тіледі.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы