Мемлекеттік қызмет істері агенттігі стратегиялық институты болып қайта құрылады – министр

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында Жолдау қалай жүзеге асырылатынын  айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Жаңа әкімшілік реформа аясында жеке сектордың кәсіпқойлар үшін мемлекеттік қызметшілерді іріктеу және жұмыстан босату жүйесі барынша ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында қайта қаралатын болады.Мемлекеттік қызмет істері агенттігі толыққанды стратегиялық HR институты болып қайта құрылады. «Заң және тәртіп» бесінші бағыты бойынша 23 іс-шара жоспарланып отыр.Заң үстемдігі мен сот төрелігінің әділ атқарылуын қамтамасыз ету үшін заңнамаға, оның ішінде сот төрағаларын судья лауазымдарына өзгертіп, судьялардың тәуелділігін төмендете отырып, олардың тең мәртебесін қамтамасыз ететін өзгерістер енгізу көзделеді, - деді ол. 

Министрдің айтуынша, бұдан басқа нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі стратегиялық бағдарламалық құжат әзірленеді.

Адам өлтіру, қарақшылық жасау және тағы басқа сияқты ауыр қылмыс жасағандар үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтіліп, шартты түрде мерзімінен бұрын босату доғарылады. «Сайлау процестері» алтыншы бағыты бойынша 3 іс-шараны іске асырылады.Президент мандатын қайта сайлау құқығынсыз ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді белгілеу үшін Конституцияга тиісті түзетулер енгізіледі.Келесі жылдың бірінші жартысында Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттарға сайлау өткізу жоспарланып отыр, - деді ол. 

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы