Мемлекеттік қызмет ісі шетелдік сарапшылармен талқыланып жатыр

30 елден келген сарапшылар Астанаға мемлекеттік қызметтің өзекті мәселелерін талқылауға жиналды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Талқылау Астана мемлекеттік қызмет хабына 10 жыл толуына орай өткізіліп жатқан «Меритократия. Парасаттылық. Инновациялар» атты үшкүндік конференция аясында өтеді.

Астана мемлекеттік қызмет хабы халықаралық деңгейде тәжірибе және білім алмасу орталығына айналды. Бұл басында аймақтық деп құрылғанымен, қазір жаһандық орталық болды. Біз 70-тен аса арнайы зерттеу жүргіздік. Сол зерттеулерді пайдалану үкіметтерге түрлі бағыттағы мемлекеттік қызметтің мәселелерін шешуге көмектеседі деп сенеміз, – деді Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов.

Конференция аясында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев 1 наурыздан бастап 5 мемлекеттік органда пилоттық жоба ретінде жұмыс істеп жатқан жаңа портал жұмысын айтып өтті.

Конкурстық іріктеу сапасын арттыру және меритократия қағидатын күшейту мақсатында агенттік адами факторға жол бермейтін, мемлекеттік қызметке жаңа іріктеу алгоритімін әзірледі. Жаңа форматқа сәйкес енді үміткерлер «Е-қызмет» порталы арқылы кез келген уақытта, әлемнің кез келген нүктесінен конкурсқа қатысуға мүмкіндік алады, – деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтауда атыс болды
Өзгелердің жаңалығы