Мемлекеттік құпияларды қорғау саласының үздік мамандары марапатталды
Қорғаныс министрлігі мемлекеттік құпияларды қорғау саласының үздік мамандары мен ардагерлерін марапаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
15 наурыз - ҚР Қарулы күштерінің Мемлекеттік құпияларды қорғау қызметінің күні. Кәсіби мерекеге орай бүгін Қарулы Күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығында салтанатты іс-шара өтіп жатыр.
Салтанатты жиында мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы үздік мамандар және ардагерлер медальдармен, грамоталар мен алғыс хаттармен марапатталды.
Жиынға Қарулы күштердің басшылығы, өзара іс-қимыл жасайтын мемлекеттік органдардың өкілдері, Қарулы Күштердің ардагерлері және Мемлекеттік құпияларды қорғау Департаментінің мамандары қатысып жатыр.
Салтанатты рәсімге 83 жастағы «Батыр ана», «Алтын Алқа» медальдарының иегері, 10 бала мен 41 немере тәрбиелеген, оның ішінде 5 ұл мен 11 немересі әскери қызметші Қожахметова Қызылкөл қатысты. Кейуанаға Қорғаныс министрі атынан алғыс хат табысталды.
Ал ұлы - Ұлттық қорғаныс университетінің Мемлекеттік құпияларды қорғау кафедрасының бастығы полковник Қожахметов Қайнарбекке үздік қызметі үшін «Ел қорғаны» медалімен наградталды.
Сонымен қатар қызметтің басқа да мамандары марапатталды.