Мемлекеттік органдарға жаңа көлік пен кресло алуға тыйым сақтала ма?
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкіметте өткен брифингте мемлекеттік органдар қызметкерлеріне арналған жаңа автокөліктер мен кеңсе креслоларын сатып алуға мораторий енгізу мүмкіндігі жөнінде түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
БАҚ өкілдері 2020 жылы мемлекеттік органдардың техника мен автокөлік сатып алуына 3 жылдық мораторий енгізілгенін еске салып, «Осындай шектеулер қайта енгізіле ме?» деп сұрады.
Қазір бізде жаңа әкімшілік ғимараттар салуға мораторий бар. Ал сатып алуларға келсек, оған баяғыдан бері мораторий қойылған. Шынымды айтсам, біз ұзақ уақыттан бері ештеңе сатып алып жатқан жоқпыз, – деді вице-премьер.
Айтуынша, бұл талаптан тек жаңадан құрылған аумақтық субъектілер ғана тыс қалады.
Жаңа өңірлер құрылды ғой, ол жақта мүлде баламасы жоқ жағдайлар бар, сондықтан ғимарат салуға тура келеді. Сол сияқты штат санын арттыру мәселесіне де қатысты ерекшеліктер бар, – деп түсіндірді Серік Жұманғарин.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жұманғарин: Мені салық реформасының "әкесі" деуге болады
Өзгелердің жаңалығы