Мемлекеттік органдардың шығындары қысқарады – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың шығыстары оңтайландырылатын болады Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында айтты.
Қаржы министрлігі Президент тапсырмаларының дереу орындалуын қамтамасыз ету үшін мынадай шаралар қабылдауда. Бизнестің қарсы міндеттемелерін цифрлық бақылауды қамтамасыз ету үшін Жобалық офис құрылды және тиісті әдіснамалық база әзірленді."Бизнестің жол картасы" деректерін қолмен басқару режимде талдау және әдіснаманы бейімдеу бойынша пилот іске асырылуда, - деді ол.Министр бизнеске жүктелген міндеттемелердің орындалуын бақылау ескерілетінін айтты.
Мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін субъектілік талдау жөнінде талдамалық деректер базасын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Өз контрагенттеріне дербес тексеру жүргізуге мүмкіндік беретін интеграцияланған деректер базасын құру үшін "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп заңнамалық түзетулер әзірленді, - деді ол.Министр салық салу және инвестициялық климатты жетілдіру мәселелері жөніндегі Парламент Мәжілісінде қаралып жатқан заң жобасына енгізілетінін айтты.
Мемлекеттік органдардың деректер базасы мен "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ақпараттық жүйелерін интеграциялау жүзеге асырылатын болады. "Бизнеске арналған Үкімет" бірыңғай сервисі бойынша. Қаржы министрлігі Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп мәселені нормативтік реттеді. 910 "Шағын бизнес субъектілеріне арналған декларация" деген салық есептілігі нысанын қабылдау бойынша сервис іске асырылды, ол SmartBridge платформасында орналастырылған, - деді ол.
Министр атағандай, сервиске "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қосылады. Қазірдің өзінде оған 6 IT-компания қосылды және 17-сі тестілеуден өтуде.
Қыркүйек айында бұл сервис толыққанды жұмыс істейтін болады. Активтерді экономикалық айналымға одан әрі тарту мақсатында Проблемалық кредиттер қоры оларды басқару және іске асыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыруда. Қазір тұрғын үй қорын, коммерциялық жылжымайтын мүлікті және жылжымалы мүлікті сату бойынша шаралар қабылдануда, - деді ол.Министр экономикалық айналымға 679 га жер учаскесі енгізілетінін айтты.
Жалпы, жұмыс жандандырылатын болады. Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын дамыту үшін айналыстағы шығарылымдардың санын қысқарту және олардың көлемін ірілету жөнінде жұмыс жүргізілуде. Бағалы қағаздарды J.P.Morgan халықаралық индексіне енгізу үшін Ұлттық экономика министрлігімен, Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп Бірлескен іс-қимылдар жоспары бекітілді, - деді ол.Министр дағдарысқа қарсы қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылуын тексеруді бекітілген іс-шаралар жоспары шеңберінде мемлекеттік аудит органдары жүргізіп жатқанын айтты.
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың шығыстары оңтайландырылатын болады, - деді ол.Іссапар, өкілдік шығындарды, заттай мүлікпен, тамақпен қамтамасыз етуді және т. б. қысқарту, институционалдық қарыздар бойынша шығыстарды қысқартумен олардың тиімділігін қайта қарау, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің өзін-өзі барынша ақтауына көшу, басталған жобаларды аяқтау міндетін шешуді ескере отырып, барлық салаларда шынайы инфрақұрылымдық жоспарларды әзірлеу, жергілікті бюджеттердің шығыстарын оңтайландыру қарастырылады.
Министр акционерлік қоғамдардың жұмысына қатысты да тоқталды.
Мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің республикалық бюджетке дивидендтер төлеуіне келетін болсақ, ол жөнінде Үкіметтің тиісті қаулысы қабылданды. Практикалық іске асыру бақылауда болады, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Досаев енді 1 трлн теңгеге бағалы қағаздар шығарумен айналыспақ
Келесі жаңалық
Жетісуда қысқы спорт дамымаған
Өзгелердің жаңалығы