Мемлекеттік органдарда 7200-ге жуық заңбұзушылық тіркелді

Ертіс өңірінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне қол жеткізу арқылы 6000-нан астам тәртіп бұзушылық тіркелді. Олқылықтар қызметті уақытылы көрсетпеу немесе негізсіз бас тартуға тиесілі болып шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.

Облыстағы мемлекеттік мекемелер қызметтің 400 түрін көрсетеді. Жыл басынан бері 9 миллионға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Павлодар облысы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің басшысы Асхат Искендировтың айтуынша, қызметтердің басым бөлігі электронды форматта көрсетілген.

Жалпы, департамент жыл басынан бері 58 бақылау іс-шарасын жүргізді. Нәтижесінде 7200-ге жуық заңбұзушылық анықталды. Бұл – мемлекеттік қызмет және қызметті көрсету бойынша тіркелген олқылықтар. Олардың басым бөлігі қызмет көрсету уақыты, тәртібін бұзуға байланысты болып шықты. Осыған жол берген 107 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде мыңнан астам азаматтың құқықтары қалпына келтірілді. Мамандар заңды тұлғалар мен азаматтардан келген 182 өтінішті қарады. Шағымдар ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, сәулет, тұрғын үй салалары мен мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтамауына қатысты, - дейді Асхат Искендиров.

Айта кетейік, әдеп жөніндегі кеңес отырыстарында 52 мәселе қаралды, оның ішінде 20 тәртіптік іс және 32 профилактикалық сипаттағы проблема болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы