Биыл мемлекеттік органдардың жария парасаттылық рейтингі енгізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2020 жылы Қазақстанда мемлекеттік органдардың жария парасаттылық рейтингі енгізілетін болады. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің төрағасы Алик Шпекбаев алқа отырысында мәлім етті.
Бұл рейтинг мемлекеттік органдардың ашықтық, жариялылық, есептілік, инклюзивтілік және тұтынушыға бағдарланушылық деңгейін көрсететін болады. Мемлекеттік органдардың рейтингтегі орны азаматтардың олардың жұмысымен нақты қанағаттануын көрсетеді, – деді ол.
Бұл орайда, Шпекбаев әрбір ауылдық округке дейін мемлекеттік басқарудың сервистік моделін енгізудің маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, оның айтуынша, парасаттылық идеологиясын ілгерілету бойынша жұмыстар өткен жылы басталған.
Бүгінгі алқалы отырыста Агенттік төрағасы парасаттылық идеологиясы мен Абайдың қандай байланысы бар екеніне тоқталды.
Шпекбаев бұл идея көпшілік ойлағандай еуропалықтардан немесе американдықтардан көшірілмегенін, керісінше ұлттық мәдени кодқа толық сәйкес келетінін айрықша назар аударды.
Бұл әсіресе, Абайдың өз сөзі мен ісіне адал, білімге құштар, ізгілікті жоғары қоятын «Кемел адам» тұжырымдамасында айқын көрініс тапқан. Өткен жылы Агенттік азаматтық қоғам институттарымен бірлесіп 4 мыңға жуық парасаттылық мектебін ашты, 3 млн аса оқушыны қамтитын "парасаттылық сағаттарын" өткізді, 4,5 мыңға жуық адалдық дүкендері мен дүңгіршектері, өзіне-өзі қызмет көрсету кассалары іске қосылды, – деп айтты Агенттік басшысы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы