Мемлекеттік органдар үнемдеген ақшасын сыйақы ретінде ала алмайды
Қаржы министрі Мәди Тәкиев мемлекеттік органдардың бір жылда үнемдеген қаржысы қайда кететінін түсіндіріп берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазынашылық атынан Қаржы министрлігі сыйақы үшін шоттарға ақша аударуға тыйым салған. Егер мемлекеттік органдардың үнемделген қаражаттары болса, бұл ақшаны сыйақыға аудара алмайды. Ол ақша бюджетке қайтарылады, - деп айтты ведомство басшысы.
Тәкиевтің сөзінше, мемлекеттік қызметшілер басқа көздерден сыйақы ала алмайды.
Ешқандай сыйақы болмайды. Біз ақшаны бонусқа жіберуге болатын 112 кодын жаптық, - деп түсіндірді Қаржы министрі Мәжіліс кулуарында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шымкентте өрт кезінде 11 адам эвакуацияланды
Келесі жаңалық
Сегіз адам қар құрсауынан құтқарылды
Өзгелердің жаңалығы