Мемлекеттік органдар қателіктер мен олқылықтардан сабақ алмайды - Тоқаев
Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Коммуналдық-энергетикалық секторды жаңғырту жұмыстарын жеделдету керек. Елді мекендердің тыныс-тіршілігіне қажетті барлық жүйе үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету маңызды. Бұл – Үкімет пен әкімдіктердің негізгі міндетінің бірі. Алайда, жыл сайын жылыту маусымында сол бір проблемалар қайталана береді, - деді Президент.
Тоқаев атап өткендей, мемлекеттік органдар қателіктер мен олқылықтардан сабақ алмайды. Соның кесірінен осы сала қазіргі мүшкіл халге жетіп отыр. Алматыдағы екінші жылу электр орталығындағы бу-газ қондырғысының құрылысы созылып кетті.
Екібастұздағы бірінші ГРЭС-тің энергоблогын қалпына келтіре алмай жүргенімізге он жылдан асты (2012 жылдан бері). Сондай-ақ Екібастұздағы екінші ГРЭС-ті кеңейту және күрделі жөндеу жобасы уақтылы жүзеге асырылмай жатыр. Үкімет, ең алдымен, биыл апатты жағдайдағы 19 жылу орталығын жаңғырту жұмыстарын аяқтауға тиіс. Сонымен қатар қуаты 700 мегаваттан асатын қосымша қуат көзімен қамтамасыз ету керек. Белгіленген мерзімді шегеруге болмайды, - деп айтты Мемлекет басшысы.
Президент айтқандай, еліміз электр, жылу, су өндіру және жеткізу қуатының тапшылығын сезініп отырғаны жасырын емес. Балқаш жылу электр орталығы құрылысының аяқталмай қалуы, табиғи монополия субъектілерінің ашық жұмыс істемеуі, сондай-ақ тарифтердің өсімін қолдан тежеу – осының бәрі кезінде жіберілген қателіктердің салдары. Салаға түбегейлі реформа жүргізген жөн. Ол үшін жүйелі жұмыс атқару қажет.
- Солтүстік Қазақстанда 20 млн долларға аграрлық ғылыми орталық құрылады 18.11.2026
- Астанада Kaztraffic-2026 халықаралық көрмесі жұмысын бастады 18.11.2026
- Оралда үш жасар қыз пәтерде қамалып қалған 18.11.2026
- Семейде TikTok эфирінде балағат сөз айтқан әйел мәжбүрлі емдеуге жіберілді 18.11.2026
- Жүрегі оң жақта орналасқан: Астаналық дәрігерлер әйелге күрделі ота жасады 18.11.2026
- Түркістан облысында жылына 50 мың бас мал бордақылайтын ірі кешен ашылды 18.11.2026
- Балқашта 13 және 15 жастағы қыздарға қатысты заңсыз әрекеттер жасады деген күдіктілер қамауға алынды 18.11.2026