Мемлекеттік органдар халыққа қабылданған заңдардың ережелерін түсіндіруге міндеттенеді – Пан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Әділет вице-министрі Наталья Пан ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да нормашығармашылық саласындағы реформа туралы өткен брифингте айтты.
2021 жылғы 12 наурыздағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нормашығармашылықты жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы заңдарды қабылдаудың неғұрлым ашық тетігін көздейді.Енді Үкіметтің бастамасымен әзірленген әрбір заң жобасының алдында жұртшылықпен консультациялар өткізуге арналған Консультативтік құжат болады, - деді ол.
Наталья Пан айтқандай, мұндай құжат саланың проблемасын неғұрлым терең қалыптастыруға және көруге, оларды шешудің әдістері мен тәсілдерін пысықтауға мүмкіндік береді.
Заң жобаларын әзірлеу рәсімінің өзі келесідей. Мемлекеттік органдар проблеманы анықтаған кезде тиісті талдау жүргізуге және оның нәтижелерін Консультативтік құжатта көрсетуге тиіс. Бұдан әрі Консультативтік құжат жұртшылықпен және оның нақты нысаналы топтарымен консультациялар өткізу үшін «Ашық НҚА» порталында жарияланады.Жұртшылықпен талқылаулар бір немесе бірнеше тәсілдерді пайдалана отырып жүргізіледі: «Ашық НҚА» порталында талқылау, жария тыңдаулар мен пікірталастар.Қоғаммен талқыланғаннан кейін ғана мемлекеттік орган талқыланатын мәселені шешу үшін заң әзірлеудің орындылығы туралы шешім қабылдайды, - деді ол.
Пак айтқандай, халық заңнамалық бастаманың ең ерте кезеңінен бастап уәкілетті органдар қабылдаған шешімдерге тартылатын болады.
Мемлекеттік органдар халыққа заң жобалары мен қабылданған заңдардың ережелерін хабарлауға және түсіндіруге міндеттенеді. Бұл бағдарлама азаматтарды алдағы не заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы хабардар етудің тәсілдері мен мерзімдерін ашатын нақты іс-шараларды қамтитын болады.Осылайша, заң жобаларының немесе заңдардың негізгі ережелерін түсіндіру жүйелі және жоспарлы болады, - деді Наталья Пан.