Мемлекеттік органдар ақпараттық жария етуді күшейтуі тиіс - Асқар Омаров

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров бүгін өткен Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекеттік органдар мен халық арасында тиімді кері байланыс орнатылып, сол байланыс халықты шешім қабылдау үрдісіне белсенді тартқан жағдайда ғана Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған Мемлекет басшысының реформаларын іске асыруға болады. Біріншіден, мемлекеттік органдар кездесу өткізу кезінде Жарлықтың барлық талаптарын сақтау, көзделген мерзімдері ұстану және әдістемелік ұсынымдарды орындау керек. Екіншіден, облыс орталықтарына шығумен шектелмей, аудандарға, ауылдар мен кенттерге баруды да ұмытпау керек. Министрліктер облыстық, аудандық және ауылдық деңгейдегі мәселелерді байқап, шешуге мүдделі екенін халыққа  түсіндіру маңызды, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Министр үшіншіден, мемлекеттік органдардың кездесулерді ақпараттық жария етуді күшейтуі тиіс деп санайды. 

Мәселелерді шешуде мемлекеттік органнан нақты көмек алған азаматтардың жеке оқиғаларына баса назар аудару ұсынылады. АҚДМ, өз кезегінде, оларды республикалық БАҚ-та жариялау жағынан көмектеседі. Төртіншіден, талдау және мониторинг жүргізу, сондай-ақ Жарлықтың орындалу барысы туралы Үкімет пен Президент Әкімшілігін жүйелі түрде хабардар ету үшін өткізілген кездесулердің нәтижелері туралы ақпаратты біздің министрлікке жолдау қажет, - деді Асқар Омаров. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы