Мемлекеттік қолдау қалталылар үшін ғана ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Даму" қорының жеңілдетілген несиелері не себепті қымбат мүлігі бар, жұмыс істеп тұрған бизнесі бар, не болмаса кепіл бола алатын танысы бар адамдарға ғана беріледі? Ал қарапайым адамдарға ешқандай мүмкіндік жоқ.


Мемлекеттік қолдау неге байлар үшін ғана жұмыс істейді?

Елімізде өз кәсібін бастау үшін 1 жылдан артық құжат жинап, жүгіріп жүрген жандар бар. Шетелдерде бір күнде, тіпті 1 сағатта шешіліп жатқан мәселелер неге Қазақстанда жылдарға созылады? Осы және өзге де "Даму" қорының қызметіндегі олқылықтарға қатысты тілшінің сауалына басшының орынбасары Фархат Сәрсекеев жауап берді. 

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде "Даму" қорының қызметіндегі кемшіліетерге қатысты мәселелерді әлеуметтік желілерде жариялап жүрген "Хабар 24" телеарнасының тілшісі "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының басшылығына сұрақ қойды. 
Бірнеше ай бұрын сан мәрте пост жарияладым. Бірақ кері байланыс осы брифингтің алдында ғана болды. Мүмкін, брифингке келіп, ыңғайсыз сұрақтар қоймасын деген мақсатта болар. "Даму" қоры 80% кепілдік болады деген ақпарат бар, бірақ оның іс жүзінде біз 7ай бойы жүгіргенде бәрі басқаша, көзбояушылық екеніне көзіміз жетті. Бұл орайда қарапайым халыққа қайтпек керек? Адамдар 1 жылдан астам уақыт құжат жинайды. Неге бақандай бір жыл? Азаматтар неге осынша уақыт жүгіруі керек. Қазіргідей жаһандану заманында кез келген бизнес жоспар уақыттан ұтылып, өзектілігін жоймай ма? - деген сұрағын қойды тілші. 

Оның айтуынша, жеңілдетілген несиені бөлген кезде оның тетігі, яғни механизмі мемлекеттік қолдауды берушілерге өте қолайлы етіп жасалған. "Бергісі келсе – береді, бергісі келмесе – тырнақ астынан кір іздеп", әйтеуір бір олқылық тауып алады.  

Қымбат мүлігін болмаса жеңілдетілген несиені алу мүмкін емес. Ал болса, "Даму" қорысыз-ақ ала беруге болады. Үкімет кәсіпті бастауға ақшаны береді, ал екінші деңгейлі банктер таратады. Бұл орайда "Дамудың" не қажеті бар деген сұрақ туындайды. Себебі, оны алып тастаса да, елімізде бизнес өз қарқында жүре бермей ме? - деген пікірін ашық білдірген БАҚ өкіліне "Даму" қоры жауап беруге тырысты. 
Тек байларға берілетін мүмкіншілік дейсіз. Біз көбінесе микро және шағын бизнеске басымдық беріп отырмыз. Ол кәсіп иелерін бай деп айтуға болмайды. Олар өз ісін жаңадан бастап жатқан, мәселен, жаңадан дәріхана ашып отырған бастаушы кәсіпкерлер. Жыл сайын 20 млн теңгеден 14 млрд теңгеге дейін мемлекеттен ақша бөлініп тұрады. Оның пайызы 6% құрайды, 6% мөлшермен несие беру деген – өте тиімді әрі үлкен демеу. Егер кәсіпкерлер сол қаржыны банктен алатын болса, 14-15%- бен алады. Бұл деген өте жоғары, - деп айтты Басқарма төрайымының орынбасары Фархат Сәрсекеев.

Спикердің сөзіне сүйенсек, "Даму" қоры субсидия, жеңілдікті несие және несиеге кепіл береді. Яғни қор банктерге ақша береді. Олар әрі қарай өздерінің саясатына сәйкес ақшаны бөледі. 
Егер кәсіпкерлердің кепілі жетпейтін болса, бұны да біз қарастырамыз. Егер жеке мәселемен бізге келсеңіз, жан-жақты қарастырып, шешімін табуға дайынбыз. Не үшін бас тартқанын анықтайық. Алайда, баса айтқым келеді, біз елдегі барлық кәсіпкерлерді 100% қамтып, жеңілдетілген несие бере алмаймыз. Өйткені, мемлекеттің қойған талаптары бар. Мысалы, былтыр 60 мыңнан астам кәсіпкердің 2%-ын несиелендіруден бас тарттық. Себебі, "Бизнестің жол картасы - 2020" деген бағдарлама бойынша екі бағыт бар. Біріншісі – бастауыш кәсіпкерлер. Екіншісі – өндіріс орындары. Бізде 85% тек 20 миллион теңгеге дейін ғана беріледі, - деп жауап берді басшының орынбасары. 

"Дамудың" жауапты өкілі Фархат Сәрсекеев: "Біз кепілдікті сіздің атыңыздан екінші деңгейлі банктер мен микро-қаржы ұйымдарына береміз. Әлеуметтік желіде жазған проблемаларыңызды қайта қарайық, қарастырайық", - деп өз сөзін түйіндеді. 

Еске салсақ, былтыр "Даму" қоры 23 мыңнан астам кәсіпкерге қолдау көрсеткен


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы