Мемлекеттік мекемелердің жұмысын БАҚ арқылы бағалау көзделіп отыр – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров министрліктің алқа отырысында айтты.

Жалпы биыл да алдымызда мемлекеттің ақпараттық жұмыс сапасын, қазақстандық БАҚ-тың бәсекеге қабілетін одан әрі дамыту міндеті тұр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкіметтің ақпараттық жұмысының деңгейін айтарлықтай көтеру қажет. Осыған байланысты мемлекеттік мекемелердің жұмысын БАҚ арқылы бағалау көзделіп отыр. Биыл БАҚ саласын дамытуды БАҚ және үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кеңінен талқыламақпыз. Бұл жұмыс Ақпарат саласын дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған Ұлттық жоспар шеңберінде жүргізіледі.  2022-2023 жылдарға арналған журналистерді оқыту жөніндегі арнайы жоспары қолға алынады, - деді Умаров.

Оның айтуынша, бұл медиа мамандардың біліктілігін дамытуға, халықтың медиа және ақпараттық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған.

Қазақстандық интернет-сегментін дамыту биылғы басым бағыттардың бірі болып қала береді. Қазақ тіліндегі интернет-ресурстарды, мультимедиялық контентті және онлайн-платформаларды дамыту қажет. Тұрғындардың медиа сауатын арттыру үшін үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп медиа және ақпараттық сауаттылық аптасын өткізуді жоспарладп отырмыз.Сонымен қатар мемлекеттік телеарналарды жетілдірудің жаңа тәсілдерін әзірледік. Мәселен, биыл «24 KZ» мемлекеттік телеарнасы жаңа форматта жұмыс істеуді бастап отыр. Бұл мемлекеттің ақпарат саясатты тиімді әрі сапалы жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Оған қоса, мемлекеттік ақпараттық тапсырыс механизмдері жетілдірілетін болады, - деді ведомство басшысы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы