Мемлекеттік күзет қызметкері пауэрлифтингтен 10 алтын медаль жеңіп алды

Мемлекеттік күзет қызметі қызметкері Айбар Ержанов пауэрлифтингтен Азия, Тынық мұхит, Африка өңірінің 8 дүркін чемпионы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол 26-30 маусым аралығында Гонконг қаласында пауэрлифтингтен өткен чемпионатта экипировкалы және классикалық біріншілік түрлерінен барлығы 10 алтын медаль жеңіп алды.

Сонымен қатар Айбар классикалық сығымдап көтеруден Азия рекордын екі рет жаңартты. Азия, Тынық мұхит, Африка өңірінің чемпионатына 40 мемлекеттен бес жүзден астам спортшы қатысты.

Дүбірлі додадан абыроймен оралған Айбарды бүгін Астана әуежайында достары мен әріптестері қошеметпен қарсы алды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Мемлекеттік күзет қызметінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы