Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережеден Тұңғыш Президент алып тасталады

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы» Президенттің 2014 жылғы 4 мамырдағы Жарлығына өзгерістер дайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі - Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерге жататын және заңнамада белгіленген құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Президентінің, басқа да күзетілетін адамдардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша күзет іс-шараларын жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік орган.

Бұл ретте «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының күшін жоюға байланысты ережеден Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының күзеті алып тасталады.

Сондай-ақ, Мемлекеттік күзет қызметі өз қызметін Конституциясы мен заңдарына, Республика Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.

Жарлықтың жобасы 14 маусымға дейін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күші жойылды деп тану туралы" Конституциялық заңына 2023 жылғы 23 ақпанда қол қойылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ Архив
Өзгелердің жаңалығы