11 Мамыр 2024 2024, 12:27
Фото: ҚР Мемлекеттік күзет қызметі
Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекет басшысының өкімімен Константин Вадимович Канцеров Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, ақпан айында Мемлекет басшысының өкімімен Роман Төреханов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалған еді.