Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары тағайындалды

Ақорда Президент өкімін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Мемлекет басшысының өкімімен Шыңғыс Лесұлы Жақыпов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды, - делінген хабарламада.

Осы тұста Мемлекет басшысының өкімімен Аңсаған Скендерұлы Балтабеков Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымынан босатылғанын айта кетейік. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы