Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы пара алды деген күдікке ілінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы пара алды деп күдіктелуде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігімен сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады күдікпен Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ол жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысынан қызмет бабында алға жылжуы және жалпы қамқорлығы үшін талап етілген 10 мың АҚШ долларынан 3 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деп күдіктеледі, - делінген хабарламада.

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәлілік дәрежесін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы