Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаржы министрі Әлихан Смайыловтың бұйрығымен Казутин Николай Юрьевич Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Ерулан Жамаубаев ұжымға премьер-министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайыловтың бұйрығымен тағайындалған Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасарын таныстырды.
Казутин Николай Юрьевич 1982 жылы 28 қарашада Алматы қаласында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 2003 жылы Қазақ экономикалық университетін бітірген. Мамандығы бухгалтерлік есеп және аудит.
Еңбек қызметі
· 2001 жылы Алматы қаласында ақпаннан бастап "Өнеркәсіптік сақтандыру тобы" ААҚ филиалдарының бухгалтерлік есебін жүргізуші және сақтандыру бойынша маман болып жұмысын бастаған;
· 2003 жылдың шілдесінен бастап 2005 жыл аралығында – Алматы қаласы "Amanat Insurance Сақтандыру компаниясы" АҚ қаржылық талдаушысы;
· 2005 жылғы наурыздан бастап 2006 жыл аралығында – "Казинтерполис" Сақтандыру брокері" ЖШС қаржылық талдаушысы, Алматы қ.;
· 2006 жылғы наурыздан бастап 2016 жылдың маусымы аралығында – "Прайсуотерхаускуперс Такс Энд Эдвайзори" ЖШС департаментінің аға менеджері, Алматы қ.;
· 2016 жылғы тамыздан бастап 2018 жылдың қаңтары аралығында – "Көкшетау минералды сулары" АҚ кеңесшісі, Көкшетау қ.;
· 2018 жылғы қаңтардан бастап 2019 жылғы қараша аралығында – "Шығыс Қазақстан өңірлік энергетикалық компаниясы" АҚ Ішкі аудит қызметінің басшысы, Өскемен қ.;
· 2020 жылғы 24 қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары.