Бүгiн 2026, 01:22 Фото: BAQ.KZ архив

Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеме жасады

Мемлекеттік кірістер комитеті жалған ақпарат жарға жығатындығын ескертіп, мәлімдеме жасады.

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті әлеуметтік желіде тараған ақылы қызметтер туралы ақпаратқа байланысты салық төлеушілерге жүгініп, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құзырлы комитет мәліметінше, мессенджерлерде электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінде (ЭШФ АЖ) жұмыс істеуге байланысты мәселелер бойынша ақылы қызметтер көрсетіледі деген жалған ақпарат тараған.

ЭШФ АЖ-нің ресми техникалық қолдауы тек ақысыз негізде көрсетілетінін хабарлаймыз. Ықтимал алаяқтық жүйенің алдын алу, сондай-ақ салық төлеушілердің есептік жазбаларына заңсыз қол жеткізуге жол бермеу мақсатында, комитет ЭШФ АЖ-сі бойынша тек мемлекеттік кірістер органдарының ресми интернет-порталында орналастырылған ресми қолдау арналарына жүгінуді қатаң түрде ұсынады, – деп жазылған хабарламада.

ЭШФ АЖ қолдау қызметінің ресми байланыс деректері:

  • Электрондық пошта: esfsd@kgd.minfin.gov.kz
  • Телефон: +7 (7172) 72-51-61