Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қаладағы Мемлекеттік кірістер департаментінің Медеу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының "Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің ақпаратын қабылдау және өңдеу және салықтық тіркеу орталығы" бөлімінің басшысына және осы бөлімнің бас маманына қатысты жүйелі түрде пара алу күдігі бойынша сотқа дейнгі тергеуді бастады.
Енді күдіктілердің кінәсі бойынша нақты шешімді сот шығарады.Олар жеке кәсіпкерлерден бірнеше рет 30-40 мың теңге көлемінде (тұрмыстық жемқорлық) пара алғаны үшін күдікті деп танылды. Бұл ақшаға екі азамат жеке кәсіпкерлердің бұғатталған шоттарын ашып беріп, әкімшілік жауапкершіліктен жалтаруға көмектеспек болған, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жәнібек Әлімханұлы рингке қашан шығатыны белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы