Мемлекеттік хатшы Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына орай жоспарланған іс-шаралар туралы баяндамаларды тыңдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы жөніндегі республикалық комиссия отырысында айтты.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Ерлан Кариннің төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті.

Өз кезегінде Мемлекеттік хатшы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2020 жылы Мемлекеттік рәмізді пайдалануға қатысты құқықтық актілер либерализация бағытына өзгергенін атап өтті. Осы орайда Ерлан Қарин Мемлекеттік рәміздерді, атап айтқанда, Мемлекеттік Туды кеңінен қолдануға қатысты мәселені пысықтауды тапсырды.

Комиссия төрағасы Мемлекеттік рәміздердің қоғамды біріктіретінін айтып, еліміздің ажырамас бөлігі және Тәуелсіздігіміздің бет-бейнесі екеніне тоқталды.

 

Биыл мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына 30 жыл толады. Бұл – азаттығымызды айшықтап, елдігімізді танытатын басты нышандар мен мақтан ететін  басты құндылықтар. Оған қоса рәміздеріміздің қоғам бірлігін қамтамасыз етудегі әлеуеті зор. Сондықтан Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығын мерекелеуге барлық жалпы республикалық шаралардың мазмұнына өте мұқият қарап, сапалы ұйымдастыру аса маңызды, – деді ол.

Қарин атап өткендей, айтулы мереке аясында өтетін шаралар барша қазақстандықтың бірлігі мен ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етуі керек.

Сондықтан комиссияның бүгінгі отырысында осы және өзге геральдика нысандарына қатысты маңызды мәселелер қаралады. Күн тәртібінде 3 мәселе қаралады, – деді ол.

Мемлекеттік хатшы Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығын мерекелеу шаралары, Шымкент қаласы және Ақтөбе , Қызылорда облыстарында  мемлекеттік рәміздерді қолдану мен пайдалану тәжірибелері туралы, сондай-ақ бірқатар министрліктің ведомсволық гаградалар жобалары қаралатынын айтты.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына орай өтетін жалпы республикалық іс-шараларды сапалы өткізуге қатысты бірқатар тапсырма берілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы