Мемлекеттік грант. 5 күнде 24 жоба таныстырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ алаңында бес күнге созылған мемлекеттік гранттар беру конкурсы жеңімпаздарының жобаларын таныстыру рәсімі өз мәресіне жетті.
1-5 наурыз аралығында 24 жоба таныстырылды. Атап айқанда, бірінші күні «Жас Ұлан «Бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ төрағасы «Жастар арасында экологиялық мәдениетті нығайту бойынша шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру» жобасын таныстырды.
«Тәуелсіздік ұрпағы» жобасының «Азаматтық және құқықтық бастамаларды дамыту» ҚҚ көпшілік алдында таныстырылуы қоғам тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Бұл – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында жүзеге асатын жоба.
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ ресми парақшасында онлайн режимінде көрсетілген интерактивті іс-шара барысында қоғам өкілдері және қызығушылық танытқан азаматтар трансляциядағы комментарийлерде өз сұрақтарын қойды.
Эфир барысында қойылған сұрақтар мен қаралымдар саны – көпшілік алдында өткен презентациялардың әсіресе үкіметтік емес сектор өкілдері тарапынан үлкен қызығушылық тудырғанын көрсетті.
Көпшілік алдында таныстыру – грант алушыларға өз жобалары туралы толығырақ таныстырып, сұрақтарға жауап беруге және нақты уақыт режимінде әрқайсысына көңіл бөлуге мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, мұндай іс-шаралар грант алушылар үшін көпшілік алдында сөз сөйлеу мен презентациялық материалдарды дайындаудың баға жетпес тәжірибесін береді.
Бұндай іс-шаралар «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранттық қаржыландыру саласындағы оператор ғана емес, сондай-ақ көпшілік алдында таныстыруға арналған өзіндік алаң, сондай-ақ жаңа прогрессивті идеялардың генераторы болуға мүмкіндік береді.
Тұсаукесер жазбалар «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ ресми сайты мен ютуб-арнасында қолжетімді. Жобаларды іске асыру бойынша жария презентациялар мен есептер тұрақты негізде ұйымдастырылатын болады.