10 Желтоқсан 2021 2021, 08:37
Мемлекеттік филармонияда би ансамблінің концерті өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясы ALEM эстрадалық би ансамблінің құрылғанына 5 жыл толуына орай мерейтойлық маусымашар «Inside» би кеші өтті.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясы ALEM эстрадалық би ансамблінің құрылғанына 5 жыл толуына орай мерейтойлық маусым ашар «Inside» би кеші өтті.
2016 жылы құрылған керемет би ұжымының көркемдік жетекшісі – Лаура Мұқаева.
Екі күн өтетін Inside би кеші - отандық және шетелдік композиторлардың музыкасын қолданатын заманауи эксперименттік хореография тұжырымдамасы. Бұл кештің ерекшелігі келген көрермен мен бишілердің арасы бөлінбей, сахна бәріне ортақ болады.
«Boi» және «Sezim by» атты екі хореографиялық миниатюрадан тұратын кеште Қазақстандық музыканттар мен композиторлардың әндері пайдаланылды.
Эстрадалық би ансамблінің қоржынында қазақстандық композиторлардың музыкасынан бөлек түрлі хореографиялық композициялар, әлем халықтарының билері бар.
- Бүгін Таразда мектеп оқушылары қашықтан оқиды 07:04
- Қазақстанның арнайы күштері халықаралық жарыста жеңіске жетті 06:35
- АҚШ Бейбітшілік Кеңесінде Газаны қалпына келтіру жоспарын ұсынады 05:18
- Обама қаулысы күшін жойды: Трамп климат саясатын өзгертті 04:27
- Атырауда блогерді ұрған екі әйелге үкім шықты 03:40
- Қар, көктайғақ, тұман: 14 облыста дауылды ескерту жарияланды 02:34
- Еурокомиссия ғимараттарында тінту жүргізілді 01:29