Мемлекеттік еңбек инспекторлары 11,9 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады
Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 11,9 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Осы жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 568 кәсіпорнында 14,2 мың жұмыскердің алдында 3 млрд 223,9 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады.
Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 505 нұсқама беріліп, 85,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 11,9 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 2 млрд 850 млн теңге төленді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елде сары май қымбаттады
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы