Мемлекеттік бюджеттің кірісі 17,3 трлн теңге – Қаржы министрі
Өсім қарқыны өткен жылмен салыстырғанда шамамен 1,4 трлн теңгеге жеткен. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Өсім қарқыны өткен жылмен салыстырғанда шамамен 1,4 трлн теңгеге жеткен. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мемлекеттік бюджеттің кірістер көлемі 17,3 трлн теңгеге жетіп, жоспар 102%-ға орындалған. Өткен жылмен салыстырғанда, өсу қарқыны 116% жетіп, 2,4 трлн теңгеге жетті.
Республикалық бюджеттің түсім көлемі 10,5 трлн теңге, жоспар 97,3% орындалды. Өсім қарқыны өткен жылмен салыстырғанда шамамен 1,4 трлн теңгеге немесе 116% жетті, – деді Тәкиев.
Қаржы министрі жоспардың орындалмауының негізгі факторларынан атады.
Біріншіден, әлемдік мұнай бағасының құбылмалылығы, екіншіден, бизнестің логистикалық шығыстарына әсер ететін, тұрақсыз геосаяси жағдайдың жалғасуы. Бұл, өз кезегінде, экспорт көлемінің 5,1% төмендеуінде және салдарынан, бизнестен түсетін салық түсімдерінің азаюына алып келді, – деді ол.
Биылғы жылдың тоғыз айында, экспорттаушыларға жалпы сомасы 1 трлн теңгеге жуық қосылған құн салығы қайтарылған. Нәтижесінде экономикаға нақты өтімді қаражаттың түсімі қамтамасыз етіліп отыр.
Мемлекеттік бюджет шығыстары – 94%, республикалық бюджет шығыстары – 93%, жергілікті бюджет шығыстары 97% атқарылды. Республикалық бюджеттің негізгі шығыстары: әлеуметтік салаға – 6,5 трлн теңге, өңірлерді қолдауға – 5,6 трлн теңге, нақты секторға – 1,2 трлн теңге бағытталды, – деді министр.
Айта кету керек, бүгінгі күні өңірлерді қолдауға бағытталған қаржат көлемі – 74%. Бұл еліміздің теңгерімді әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етеді.
- Нақты табыс алғаш рет өсті: Айбар Олжай мұның мәнін түсіндірді 17:20
- Алматыда автобус жол жөндеу орнындағы шұңқырға түсіп кеткен 17:08
- Жамбыл облысында көкпар кезіндегі жанжал атыспен аяқталды 17:01
- Қазақстан қыстың қамына кірісті: Қанша мал азығы дайындалды? 16:47
- «Бави» тайфуны мен нөсер жаңбыр: Қытайда қауіптің қызғылт сары деңгейі сақталуда 16:25
- Астаналық бойжеткен ат клубында ауыр жарақат алғанын айтып, жұртты сақ болуға шақырды 16:03
- Балмұздақты қалай дұрыс таңдау керек? 15:41