Мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 102,8% орындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі 2020 жылғы салық түсімдері бойынша мемлекеттік бюджет жоспарының орындалуы туралы ақпарат жариялады.

2020 жылғы мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 102,8%, оның ішінде республикалық бюджет 100,3% және жергілікті бюджет 107,7% орындалды.

Есепті кезеңде мемлекеттік бюджетке түскен салық түсімдері 2019 жылға қарағанда 7,1%-ға (немесе 655,3 млрд теңгеге) төмендеумен 8 561,2 млрд теңгені құрады. Оның ішінде республикалық бюджет бойынша 18,4%-ға (немесе 1 259,7 млрд теңгеге) төмендеді, жергілікті бюджет бойынша 25,4%-ға (немесе 604,4 млрд теңгеге) өсті.

Республикалық салықтар бөлігінде орындалмау ішкі тауар өндірісіне ҚҚС (13,1%-ға) және үшінші елдерден импортқа ҚҚС (11,3%-ға) бойынша байқалады.

Түсімдер өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда КТС (20,9%-ға), ішкі тауар өндірісіне ҚҚС (10,9%-ға) және үшінші елдерден импортқа ҚҚС бойынша (3,7%-ға) төмендеді. Төмендеудің себебі - сыртқы және ішкі факторларға байланысты экономикалық ахуалдың нашарлауы, - делінген хабарламада.

2019 жылмен салыстырғанда негізгі экспорттық позицияларға, оның ішінде мұнайға 34,8%, мырышқа 9,4%, қорғасынға 8,6% және алюминийге 5,3%, бағаның төмендеуі байқалады.

2020 жылы үшінші елдермен тауар айналымы 14,2%-ға (экспорт 19,6%-ға, импорт 2,8%-ға) төмендеді.  

2020 жылғы іске асыру бойынша айналымдар 2019 жылмен салыстырғанда 9,7%-ға (102 139 млрд. теңгеден 92 274 млрд теңгеге дейін) төмендеді.

Көрсетілген кезеңде бір салық төлеушіге онлайн БКМ орташа түсімі 15,6%-ға (48,5 млн теңгеден 41,0 млн теңгеге дейін) төмендеді.

Сонымен қатар 2020 жылғы жергілікті бюджетке түсетін салық түсімдері бойынша жоспар 213,4 млрд теңгеге артық орындаумен, 107,7% орындалды.

ЖБ-ға салық түсімдері 2 985,3 млрд теңгені құрады, 2019 жылмен салыстырғанда 25,4%-ға (немесе 604,4 млрд теңгеге) өсті.

Сондай-ақ жергілікті бюджет жоспарының артығымен орындалуына корпоративті табыс салығының жергілікті бюджетке берілуі әсер етті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы