Мемлекеттік бюджетке қанша кіріс түскені айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2021 жылғы қаңтар-ақпандағы мемлекеттік қаржының атқарылуы жайында Үкімет отырысында Ерұлан Жамаубаев баяндады. Министр мемлекеттік бюджетке 1,4 трлн теңге кіріс түскені туралы айтты.
Мемлекеттік бюджетке 1 трлн 472 млрд теңге сомасында кірістер түсті немесе жоспар 124,3%-ға атқарылды. Республикалық бюджетке 899 млрд теңге сомасында кірістер түсті немесе жоспар 117,1%-ға атқарылды. Кірістер бойынша жоспар 132 млрд теңгеге, оның ішінде салықтар - 102 млрд теңгеге асыра орындалды, - деп атап өтті министр.
Оның сөзінше, салықтар бойынша негізгі асыра орындау сомасы пайдалы қазбаларды өндіру салығына, қосылған құн салығына және шикі мұнайға салынатын экспорттық кеден бажына тиесілі болды.
Пайдалы қазбаларды өндіру салығы және қосылған құн салығы бойынша жоспардың асыра орындалуына экспорттық позицияларға бағаның орташа 11,2%-ға ұлғаюы әсер етті. Қосылған құн салығы бойынша жоспарды асыра орындауға кәсіпкерлік белсенділіктің өсуі мен елдермен импорт ұлғаюы әсер етті.Шикі мұнайға салынатын экспорттық кеден бажы бойынша негізгі асыра орындау экспорттық кеден бажы мөлшерлемесінің 50 АҚШ долларына дейін ұлғаюымен байланысты, - дейді Жамаубаев Үкімет отырысында.
Қаржы министрі атап өткендей, жоспар корпоративтік табыс салығы бойынша орындалмаған, ол 2021 жылғы қаңтар-ақпанда 719 ірі салық төлеуші бойынша мәлімделген аванстық төлемдер сомасының 36%-ға азаюына байланысты.
Жергілікті бюджеттердің кірістері 137,3%-ға атқарылды және 574 млрд теңгені құрады. Жоспар 156 млрд теңгеге, оның ішінде салықтар бойынша 138 млрд теңгеге асыра орындалды, - деді Қаржы министрі.
Жамаубаевтың айтуынша, барлық өңірде кірістер бойынша жоспарлар артығымен орындалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Нақты сектор салалары өткен айда өсім көрсетті
Келесі жаңалық
Әлемде аллергиясы бар адамдар көбейді
Өзгелердің жаңалығы