Мемлекеттік бюджетке 8,6 млрд теңге қайтарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік бюджетке 8,6 млрд теңге қайтарылды. Бұл туралы Қаржы министрінің міндетін атқарушы Татьяна Савельева Сенат отырысында мәлімдеді.

Негізгі капиталға түскен инвестиция көлемі 8,5 %-ға артты. Инвестиция өсімі ауыл шаруашылығында - 41,1%, өнеркәсіп - 15%, жылжымайтын мүлік операцияларында - 14,7%-ды құрады. Республикалық бюджетті осындай экономикалық жағдайда жүзеге асыру, республикалық бюджетке түсім 10,7 трлн теңгені құрады. Шығын 99,9 % игеріліп, 12 трлн теңгені құрады. Бюджет тапшылығы 1,3 трлн теңгені құрады. Қазақстанның қарыз деңгейі қауіпсіз деңгейде сақталып отыр, - деді ол. 

Савельеваның айтуынша, Ұлттық қорға 4,5 трлн теңге түскен. 

Заңнамалық деңгейде Ұлттық қордың жинағын нығайту қарастырылып отыр. Биылдан бастап квазимемлекеттік сектордың субъектілері табысының 100 пайызынан 2019 жылдың қорытындысы бойынша республикалық бюджетке девидендтің төлемін беретін болады. Республикалық бюджет кірісіне мемлекеттік квазимемлекеттік субъектілерде игерілмей жатқан қаржыны қайтару жұмыстары жүргізілді. Биылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша республикалық бюджетке 8,6 млрд теңге қайтарылды, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы