Мемлекеттік басқару академиясында оқуға құжат қабылдау басталды
Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ.KZ. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы кемінде 2 жылдық еңбек өтілі бар барлық мемлекеттік қызметшілерді 2021-2022 оқу жылына грантқа түсуге құжат қабылдауды бастайды.
Мемлекеттік басқару академиясы – бұл қазіргі мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуы мен білім алуына жауапты Қазақстандағы жалғыз жоғары оқу орны.
Академияның жұмысы мемлекеттік аппараттың кадрлары мен кәсіби басқарушыларды даярлауға бағытталған.
Осы жылы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға құжаттар қабылдау 5 маусымға дейін www.apa.kz ақпараттық жүйесінде магистратураның 7 бағдарламасы мен докторантураның 2 бағдарламасының бірі бойынша онлайн форматта жүргізіледі.
Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсетіндер қабылдау комиссиясына келесідей құжаттарды өткізеді:
1.Өтініш;
2.Жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;
3.Мемлекеттік тілді меңгеру туралы QAZAQ RESMI TEST немесе QAZTEST сертификаты (В1-ден кем емес);
4.Шет тілін меңгергендігін растайтын сертификат:
-Магистратура үшін: IELTS немесе IELTS indicator (4.0-ден кем емес), TOEFL PBT (437-ден кем емес) немесе TOEFL IBT (41-ден кем емес), APTIS (B1/4.0-ден кем емес).
-Докторантура үшін: IELTS немесе IELTS indicator (5.5-тен кем емес), TOEFL PBT (513-тен кем емес) немесе TOEFL IBT (65-тен кем емес), APTIS (B2/5.5-тен кем емес).
Ағылшын тілі оқу тілі болып табылатын шетелдік білім беру ұйымдарында дәреже иеленген үміткерлер аталмыш талаптан босатылады.
ҚР мемлекеттік қызметшілері үшін – қызметтік тізім, шетелдік үміткерлер үшін – кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ;
6.Мемлекеттік органның жолдамасы;
7.Жазбаша жұмыстар:
-докторанттар үшін – зерттеу жұмысының жоспары (research proposal),
-магистранттар үшін талап етілмейді, себебі эссе жазу конкурстық іріктеудің бірінші кезеңі болып табылады.
Ағылшын және іскерлік қазақ тілі бойынша көрсетілген сертификаттар болмаған жағдайда үміткерлердің құжаттарды тапсыру кезінде www.apa.kz ақпараттық жүйесінде 2021 жылдың 23 наурызына дейін Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсу үшін APTIS және Qazaq Resmi Test тесттерін тапсырумен бірге Pre-sessional курстарына жазылуға мүмкіндіктері бар.